Қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары
Қарасай ауданының төтенше жағдайлар қызметі, коммуналдық қызмет мамандары және ВПиВДО бөлім басшысы Ортықов Саян Нұрланұлы тұрғындармен қауіпсіздік жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, төтенше жағдай орын алған кезде қалай әрекет ету керектігі нақты түсіндірілді. Бұл шара газға байланысты оқыс оқиғалардың алдын алуға және халықтың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге бағытталды.