ru-RUkk-KZ
Тілді таңдау
2026 ж. 20 наурыз, жұма

Қазақстандағы газ саласының қарқынды дамуы – ел экономикасының жалпы қалыптасуының бір көрсеткіші

image


«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ стратегиялық маңызы бар өнім – табиғи газбен Алматы облысындағы нысандарды қамтамасыз етеді.

Компанияның негізгі қызметі – тұтынушыларға табиғи газды тасымалдау және сату.

«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ әлеуметтік жауапты бизнес қағидаттарын ұстана отырып, Алматы облысының Қарасай, Жамбыл және Іле аудандарында орналасқан үш тұтынушы санаты үшін табиғи газды үзіліссіз және апатсыз жеткізуді қамтамасыз етеді:

  • жеке тұлғалар – абоненттер;
  • шағын коммуналдық кәсіпорындар, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар мекемелер;
  • өнім өндіруде табиғи газды пайдаланатын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар.

Компания алғашында 2003 жылғы 22 қыркүйекте «жауапкершілігі шектеулі серіктестік» ретінде құрылды.

2007 жылдың қыркүйегінде «Алматыгазсервис-Холдинг» ЖШС қосымша инвестициялар тарту мақсатында акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастыру арқылы «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-ға айналды. «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ – барлық құқықтар мен міндеттердің толық мұрагері.

2008 жылғы 26 қаңтарда жалғыз акционердің шешімімен Компанияның басқару органы – Директорлар кеңесі құрылды, ішкі аудит қызметі жасақталды. 2008 жылғы 4 ақпанда өткен алғашқы отырыста Президент – Компанияның атқарушы органы сайланды.

2008 жылғы 14 мамырда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі компанияға газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануға лицензия берді.

2008 жылғы 18 маусымда №132-ОД бұйрығына сәйкес, компания Алматы облысы мен Алматы қаласындағы монополиялық субъектілер тізіміне енгізілді.

Барлық қайта құрулардың қисынды қорытындысы – басқару органының құрылуына байланысты акциялар проспектіне өзгерістер мен толықтырулардың тіркелуі.

Бүгінде «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ бұл:

  • 380 жұмыс орны;
  • Компания балансына тіркелген негізгі құралдар – 3 457 257 мың теңге;
  • 2020 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша – 2991,65 км газ құбыры желілері;
  • соңғы 6 жылда 150%-ға өскен табиғи газды сату көлемі.

Компания қызметінің функционалды бағыттарына кіреді:

  • табиғи газды соңғы тұтынушыға тасымалдау және жеткізуді қамтамасыз ету;
  • жыл сайынғы келісім-шарттар негізінде «QazaqGaz» Ұлттық компаниясынан газ қабылдау;
  • Компания балансына тіркелген газ құбырлары, ШГРП, ГРП және басқа да газ шаруашылығы нысандарын пайдалану;
  • нысандарды газдандыруға техникалық шарттарды беру, жобаларды келісу, оларды қабылдауға қатысу;
  • тұтынушылар балансына тіркелген газ жүйелері мен жабдықтарын техникалық қызмет көрсету, алдын-алу, жөндеу және іске қосу жұмыстарын келісім негізінде жүргізу;
  • табиғи газды тұтынуға арналған есептеу құралдарын орнату.

Осылайша, «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ өз қызметінде жергілікті деңгейде газ саласының барлық функцияларын біріктірді, бұл табиғи газ тұтынушыларына қызмет көрсету арқылы кірістің өсуіне әсер етеді.

Компания қызметі Алматы облысының Қарасай, Жамбыл және Іле аудандарын қамтиды.

Компанияның қызмет түрлері

Табиғи газды тасымалдау және жеткізу
Газға қосылуға техникалық шарттар беру
Газ құбырлары мен жабдықтарын техникалық қызмет көрсету

Алматы облысының бірнеше ауданында газ құбырларына қосу жұмыстары белсенді жүргізілуде

Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қызмет атқаруға рұқсат беретін құжат

image

Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қызмет атқаруға рұқсат беретін құжат

image
Terms Of UsePrivacy StatementCopyright 2026 by «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ
Жоғарыға көтеріл