Байкент-Жайнақ 2025 | Инвестициялық бағдарлама
🔥 Табиғи газ — тұрақты болашақ кепілі!
Газ инфрақұрылымын жетілдіру аясында «Байкент – Жайнақ 2025» инвестициялық бағдарламасы өз мәресіне жетуде. Осыған орай Антимонополиялық комитет өкілдері, жергілікті билік өкілдері және компания президенті Тойжан Ерлан Мұратұлының қатысуымен арнайы пресс-тур өтті.
🔹 Газ тарату жүйесіндегі қысымды тұрақтандыру
🔹 Қауіпсіздік пен сенімділік — басты басымдық
🔹 Жаңа тұрғын үйлерді жылыту маусымына толық дайындау
Биылғы жылыту кезеңінде жаңа қоныстанушыларға жеткілікті газ қысымы қамтамасыз етіледі. Бұл — тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам.
📈 Инвестициялық бағдарлама аясында магистральді және тарату құбырлары жаңартылып, автоматтандырылған бақылау жүйелері енгізілді.