ru-RUkk-KZ
Тілді таңдау
2026 ж. 20 наурыз, жұма

«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ пресс-орталығы

 

Хабарландырулар мен жаңалықтар

Құрметті тұтынушылар, «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газдың бөлшек саудадағы шекті бағасының көтерілетіні туралы хабарлайды.
Администратор сайта
/ Санаттар: Тарифтер

Құрметті тұтынушылар, «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газдың бөлшек саудадағы шекті бағасының көтерілетіні туралы хабарлайды.

Құрметті тұтынушылар!
«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газдың бөлшек саудадағы шекті бағасының көтерілетіні туралы хабарлайды.
Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің негізделген қорытындысына сәйкес, 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жабдықтау үстемесі мөлшері ҚҚС-сыз 1000 м³ үшін 2 304,96 теңге болып белгіленді. Бұл тауарлық газды бөлшек саудада сату қызметінің шекті бағасының ҚҚС-сыз 1000 м³ үшін 37 676,14 теңгеге өзгеруіне алып келді.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газды сату үшін сараланған тарифтер төмендегідей белгіленді:
- І және ІІ топтар – Газ тарату жүйесі арқылы бөлшек сауда қызметін алатын үй шаруашылықтары (халық) және халыққа жылу энергиясын өндіру мақсатында тауарлық газды сатып алатын жылу энергетикалық компаниялар – ҚҚС-пен 1000 м³ үшін 36,07 теңге
- ІІІ, V және VI топтар – Заңды тұлғаларға жылу энергиясын өндіру үшін тауарлық газ сатып алатын жылу энергетикалық компаниялар; I, II, III, IV, VI, VII, VIII, IX, X және XI топтарға жатпайтын өзге тұтынушылар; бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдар – ҚҚС-пен 1000 м³ үшін 51,7 теңге
- IX топ – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын үй шаруашылықтары (халық) – ҚҚС-пен 1000 м³ үшін 26,77 теңге
- X топ – Ірі коммерциялық тұтынушылар – ҚҚС-пен 1000 м³ үшін 80,31 теңге
 

Алдыңғы бет Жеке тұлғалар үшін ішкі газ жүйесін техникалық қызмет көрсету бағасының көтерілуі
Келесі материал Құрметті тұтынушылар, «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ 2024 жылдың қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіні жөнінде хабарлайды.
Print
145 Rate this article:
No rating
Terms Of UsePrivacy StatementCopyright 2026 by «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ
Жоғарыға көтеріл