Бүгінгі жұмыс жиналысы — жаңа маусымның бастауы
Бүгін компанияның вице-президенті Жубаниязова Дина Матығұлқызының жетекшілігімен коммерциялық объектілер менеджерлері мен аға контролерлер арасында маңызды жиын өтті. Бұл — тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін негізгі бөлімдердің бірі.
Жиналыс барысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жоспары талқыланып, тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша нақты міндеттер белгіленді.
Өз сөзінде Дина Матығұлқызы бірлік пен командалық жұмыстың маңызын атап өтіп, әр қызметкерді ортақ мақсат жолында жұмыла әрекет етуге шақырды.