Қарасай ауданында қауіпсіздікке бағытталған ортақ қадам!
Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы және компаниямыздың ВПиВДО бөлімінің басшысы Саян Нұрланұлы Ортыковпен бірлесе отырып, көпқабатты үйлерде газ қауіпсіздігі бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарға газ құралдарын дұрыс пайдалану ережелері, ақауларды танып-білу тәсілдері, газдың шығу белгілері мен төтенше жағдай туындағанда әрекет ету қадамдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар газ желілерінің жағдайы тексеріліп, қауіпсіздікке арналған арнайы жадынамалар таратылды.
Бұл шараның басты мақсаты – тұрмыстық газға қатысты тәуекелдердің алдын алу және әрбір тұрғынның қауіпсіздігін күшейту.